Басты бет

Құрметті әріптестер!

Құрметті әріпстестер QAZAN.INFO – білім беру қызметкерлеріне арналған республикалық  сайтына қош келдіңіздер!

XXI ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуіріне, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениетіне, мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны оқытушы мен оқушының арасындағы негізгі бастамалардың барлығы оқытушы арқылы жүзеге асырылады.

Оқушыға белгілі бір дәрежеде білім беру мен қатар оқуға, үйренуге деген ынтасын арттыру әр ұстаздың міндеті. Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, еңбек етуге баулу, жалпы оқушы бойында жауапкершілік сезімін қалыптастыру оқытушыға қойылатын басты талап. Осы талапты шешуде электронды оқытудың пайдасы зор.

Жаңа технологияны меңгеру оқытушының оқу – тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытудың озық технологиясын меңгеру оқытушының кәсіптік шеберлігіне байланысты. Бұл әрбір ұстазды ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге,жаңа ізденістерге жетелейді. Осы орайда Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру үйреншікті жәй ғана емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»,-деп тұжырым жасайды. Сондықтан оқытушы өз пәніне психологиялық тұрғыдан қарап,әдістемелік шеберлікпен келу керек. Сабақ барысында интерактивті технологияларды қолдану оқытушы жұмысын өнімді, нәтижелі, ал оқушылардың білім алу әрекетін мәнді, қызықты, пайдалы етеді.

САЙТЫМЫЗҒА МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖАРИЯЛАУҒА ҚАБЫЛДАУ ЖЫЛ БОЙЫ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ!

Біздің сайтымызда сіздер:

  • ашық сабақтарыңызды,
  • сыныптан тыс жұмыстарыңызды,
  • әдістемелік құжаттарыңызды,
  • авторлық бағдарламаларыңызды,
  • тәрбие сағаттарыңызды,
  • инновациялық сабақтарыңызды
  • және т.б. материалдарыңызды жариялай аласыздар.

QAZAN.INFO – білім беру қызметкерлеріне арналған республикалық  сайты әр оқу жылы сайын:

  • КОНКУРСТАР,
  • ОЛИМПИАДАЛАР,
  • ВИКТОРИНАЛАР,
  • ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ТЕГІН ОНЛАЙН ТЕСТТЕР (СЕРТИФИКАТ БЕРІЛЕДІ) ӨТКІЗЕДІ.