Республикалық ғылыми-әдістемелік интернет журнал

Білім беру қызметкерлеріне арналған республикалық QAZAN.INFO сайтының

 «Bіlіm. Ǵylym. Innovatsııa»

республикалық ғылыми-әдістемелік интернет журналы

Құрметті әріптестер, QAZAN.INFO сайты  «Bіlіm. Ǵylym. Innovatsııa» республикалық ғылыми-әдістемелік интернет журналының алғашқы нөмеріне материалдарды қабылдауды бастайды.

«Bіlіm. Ǵylym. Innovatsııa»

республикалық ғылыми-әдістемелік интернет журнал туралы ақпарат

  • Журнал форматы: электронды
  • Басылымның кезеңділігі: ай сайын
  • Материалдарды жариялау тілі: орыс, қазақ, ағылшын
  • Материалдарды қабылдау: әр айдың 25-не дейін
  • Журналдың жариялануы: әр айдың 3-ші күні.
  • Жариялау туралы Сертификат: электронды форматта
  • Жариялау құны: 1000 теңге (материал көлемі 5 бетке дейін А4)

«Bіlіm. Ǵylym. Innovatsııa» республикалық ғылыми-әдістемелік интернет журналы сериялық басылымдарды тіркеу жөніндегі халықаралық орталықта ISSN (ЮНЕСКО, Париж қ., Франция) тіркелген.  Тіркеу нөмері: ISSN 2663-3345.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және Коммуникациялар Министрлігі, Ақпарат комитеті. Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою, қайта есепке қою туралы куәлігі № 17509-СИ берілген.

«Bіlіm. Ǵylym. Innovatsııa» интернет-журналында жариялау ережесі.

Осы ереже материалдарды «Bіlіm. Ǵylym. Innovatsııa»  республикалық ғылыми-әдістемелік интернет журналында (бұдан әрі-журналда) жариялау тәртібін айқындайды.

1. Материалға қойылатын талаптар.

1.1. Жарияланымға келесі жұмыс түрлері қабылданады:

  • оқу-әдістемелік әзірлемелер;
  • сабақ әзірлемелері;
  • мектепке дейінгі балалармен сабақ әзірлемесі (Конспектілер);
  • сыныптан тыс іс-шаралар, сынып сағаттарының сценарийлері;
  • мереке, Ойын-сауық, демалыс сценарийлері;
  • семинарлардың, ата-аналар жиналыстарының және конференциялардың сценарийлері;
  • педагогикалық тақырыптағы мақалалар, баяндамалар.

1.2. Жариялауға қабылданбайды:

  • презентация;
  • графикалық объектілердің көлемі мәтіннің көлемінен асатын материалдар;
  • грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық қателерді қамтитын материалдар;
  • брошюралар, оқу құралдары, оқу-әдістемелік құралдар және өзге де дербес объектілер;
  • белгіленген көлемнен асатын; үшінші тұлғалардың авторлық құқықтарын толық немесе бір бөлігінде бұзатын; ресімдеуге қойылатын белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін немесе осы Ережелерді және (немесе) Қазақстанның қолданыстағы заңнамасын өзгеше түрде бұзатын материалдар;
  • авторлары (бірлескен авторлары) педагог болып табылмайтын материалдар.

1.3. Материалдар орыс немесе қазақ (кириллица) тілдерінде қабылданады. Жарияланымға ағылшын тілінде «Шет тілі» пәні бойынша сабақтар мен сабақтан тыс іс-шаралардың әдістемелік әзірлемелері қабылдануы мүмкін.

2. Материалдарды рәсімдеу.

2.1. Материалдар MS WORD мәтіндік редакторында терілуі тиіс.

2.2. Материалды ресімдеу кезінде Times New Roman / Times New Roman KZ шрифттерін, 14 кегль, бір жарым интервал, «обычный» жиектерін пайдалану ұсынылады. Материалдың максималды көлемі А4 форматындағы 5 парақтан аспауы тиіс

2.3. Графикалық объектілердің саны (фотосуреттер, суреттер, схемалар, диаграммалар, кестелер, графиктер және т.б.) 5 данадан аспауы тиіс.

3. Авторлық құқық

3.1. Автор журналға материалды кез келген нысанда және заңға қайшы келмейтін кез келген тәсілмен, соның ішінде Интернет желісіне материалды орналастыру құқығын қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей пайдалануға ерекше құқық береді.

3.2. Журнал материалды пайдалану кезінде автордың атын көрсетуге міндеттенеді.

3.3. Автор материалға барлық құқықтар оған жеке немесе өтініште көрсетілген тең автормен бірге тиесілі екеніне кепілдік береді

4. Жариялау туралы Сертификат

4.1. Материалдарды қабылдағаннан кейін авторға материалды журналдың тиісті шығарылымына енгізу фактісін растайтын сертификат беріледі.

4.2. Жарияланым туралы сертификатта сериялық және тіркеу нөмірлері бар.

4.3. Басылым туралы Сертификат электрондық форматта беріледі

4.4. Сертификат, берілген материалдың тіліне байланысты орыс немесе қазақ тілдерінде беріледі. Әдістемелік әзірлемелерді ағылшын тілінде жариялау кезінде сертификат орыс тілінде беріледі.

5. Материалдарды қабылдау және журналды сайтқа орналастыру мерзімі

5.1. Журналдың кезекті шығарылымына материалдар тиісті айдың 25 – не дейін қабылданады. Берілген айдың 25-нен кейін келіп түскен материалдар, арғы айдың 3 күні жарияланады, яғни келесі шығарылымында жарияланады. (Мысалы: қабылдау мерзімі: 25 қаңтарға дейін, журналдың шығу күні: 3 ақпан, 25-нен кейін келіп түскен материал 3 наурыз күні жарияланады журналда)

5.2. Журналдың электрондық нұсқасы сайтта журнал шыққан айдан кейінгі айдың 3-нен кешіктірмей орналастырылады.

материалды рәсімдеу үлгісін жүктеу

(ережесімен бірге)

Материалдарды келесі электрондық пошта бойынша қабылдаймыз:

zhurnal.kazan@inbox.ru

 Поштаға жіберу керек: МАТЕРИАЛ ЖӘНЕ ТӨЛЕМДІ РАСТАЙТЫН ЧЕК