«Жаңартылған білім беру мазмұны: негізгі аспектілері мен перспективасы» І Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы

Білім беру қызметкерлеріне арналған республикалық сайт QAZAN.INFO 2019 жылдың 20 қыркүйегі мен 31 қазан аралығында «Жаңартылған білім беру мазмұны: негізгі аспектілері мен перспективасы» атты І Республикалық ғылыми-практикалық конференциясына жұмыстарды қабылдау жүргізілетінін хабарлайды.

Өтініштерді қабылдау 17 қарашаға дейін ұзартылды!

Білім беру қызметкерлеріне арналған республикалық сайт QAZAN.INFO 2019 жылдың 20 қыркүйегі мен 31 қазан аралығында «Жаңартылған білім беру мазмұны: негізгі аспектілері мен перспективасы» атты І Республикалық ғылыми-практикалық конференциясына жұмыстарды қабылдау жүргізілетінін хабарлайды.
 
Конференцияға білім ұйымдарының лауазымы мен жұмыс өтіліне тәуелсіз педагогикалық қызметкерлері қатыса алады.
 
Материалдар екі тілде (орыс, қазақ) 8 секция бойынша қабылданады:
1 секция. Жаратылыстану-математикалық бағыт (физика, математика, информатика, биология, химия, география, жаратылыстану)
2 секция. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт (Қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, Адам.Қоғам.Құқық, орыс тілі, қазақ тілі, ағылшын тілі)
3 секция. Мектепке дейінгі білім беру (МАД, балабақша, бөбекжай бақша)
4 секция. Бастауыш білім беру
5 секция. Дене шынықтыру және спорт. (дене шынықтыру, АӘД)
6 секция. Өнер және техника. (сызу, технология, көркем еңбек, сурет)
7 секция. Қосымша білім беру
8 секция. Инклюзивті білім беру
Секция аясында қатысушылар тақырыпты өздігінен таңдайды.
 
Ұйымдастырушылық жарна: 2500 теңге (екі мың бес жүз тенге)
 
Қатысу түрі: СЫРТТАЙ/ҚАШЫҚТЫҚ
 
  • Барлық қатысушыларға конференцияға қатысуды растайтын сертификат беріледі. (электронды форматта)
  • Қатысушылардың ең жақсы жұмыстары дипломдармен марапатталады. (электронды форматта)
  • Конференция аяқталғаннан соң барлық қатысушылардың жұмыстарымен конференция материалдарының жинағы ( ISBN; УДК; ББК) шығарылатын болады.

Қатысу ережесін жүктеп алу

Өтінішті жүктеп алу